БАҒДАРЛАМА

lat: BAǴDARLAMA

з а т. <грек.> 1. Қандай да бір мақсатқа жету, іс-шараны жүзеге асырудың бағыт-бағдары, жоба-жоспары. Мемлекет басшысы бұл сауалға орай қазіргі таңда барлық назар ауыл мен индустриялы- инновациялық бағдарламаларға ауып отырғандығын айтты («Егемен Қазақстан»). Заң шығару бағдарламаларының негізіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілі бір мерзімге арналған, оның қызметінің негізгі бағыттарын көрсеткен іс-қимыл бағдарламасы жасалынуы тиіс («Егемен Қазақстан»).Ұлттық-мәдени орталықтар бұл бағдарламаны іске асыруға белсене қатысуы тиіс («Қаз. әдеб.»).

2. қ о ғ.-с а я с и. Белгілі бір саяси партиялар мен жеке немесе соны тұлгалардың, саяси ұйымдардың әрекетінің мазмұны мен мақсатын баяндайтын құжат. Қазақстанда фабрикалар мен зауыттар аз болғандықтан, Алаш партиясы бұл мәселе бойынша социал- демократтардың меньшевиктердің бағдарламасын қолдайтыны да бағдарламада байқалады («Егемен Қазақстан»).

3. пед. Оқу пәнінің қысқаша тұжырымдамасыазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы сіздердің де ұзақ мерзімді партиялық бағдарламаларыңызға тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

4. Белгілі бір шараларды өткізудің жоспарын, тәртібін бекітетін құжат. Құрылтайдың бағдарламаларына ғылыми баяндамалар да енгізілді («Егемен Қазақстан»). 1992-1993 жылдары ұлттық жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Ата Заң негізінде жеке меншік ашық енді («Егемен Қазақстан»).

5. Концерттік, цирктік, радио және теледидар, қойылымдардың мазмұны немесе солардың аталуы. Ақпан айынан бастап, аптасына бір рет «Хабар» арнасы арқылы тікелей эфирде өтіп жатқан «Жекпе-жек» көрерменнің тұрақты көретін бағдарламасына айналды («Түркістан»).

6. и н ф. Электр есептеуіш мәшинелер мен компьютерлерге берілетін цимыл жоспары, бағдарламалау тілінде берілген амалдарды орындау алгоритмінің сипаттамасы. Багдарлама дегеніміз - белгілі бір нөтиже алу үшін орындалатын амалдардың тізбегі (Б.Бөрібаев, Информатика.). Процессор бағдарламаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады (Б.Бөрібаев, Информатика.). 1970-90 ж. республикамыздың көптеген лекциялары, әсіресе жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттары жылдамдығы әр түрлі ЭЕМ-дермен қамтамасыз етіліп, бағдарлама құрастыру, жетілдіру жөне оны пайдалану жұмыстары одан әрі дамиды (ҚҰЭ).