БАҒЫН

lat: BAǴYN

ет. 1. Біреудің айтқанына көну, айдауына жүру .


Айшылық жол... Шөлдейсің,

зарығасың, Армандайсың, аңсайсың, сағынасың.

Жол азабын көресің, көресің де,

Ашынасың, біресе бағынасың (1,184).


Амал қанша сен маған бағынбайсың,

Мен саған қажет емес,жалынбайсың.

Құпияңды баурыңа басып алып,

Қашан құрып кеткенше дамылдайсың (1,277).


2. Жаратқанға бас ию, табыну .


Жаратылыс заңына бағынасың Табынасың, сиқырын танығасын, Әлденені аңсайсың, зарығасың. Қала барсаң ауылды: ауыл келсең, Думандатқан қаланы сағынасың (2,182).


Білесің бе? Мен саған бағынбаймын !

Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?!

Көлденеңдеп жолымда тау боп тұрсаң,

Мен мұнартқан басыңда сағымдаймын!

Сондықтан да жібер деп жалынбаймын (3,94).


3. Басқа бір елдің қол астында болу, тәуелділік күн кешу .


Ойран қыл тәжін де,тағын да

Халықтар,патшаға бағынба !

Өзіңде өзіңдік бақытың

Тақ мінген азғынға жалынба! (1,117).