БАБА

lat: BABA

з а т. 1. Арғы ата, үлкен ата. Ең алғаш Өтегенді жырлатан Сүйінбайдың бабасы Күсеп ақын болса керек (Е.Ысмайылов, Ақындар). Тұрмайтын ренішке сәл нәрсеге, Екеуіміз таласамыз барамыз да. Мұндай іс арасында болтан емес Көз салсақ, бұрынты өткен бабамызға (А.Байтұрсынұлы, Шығ.). Қасиетті бабамыздың зираты, Қалдың той көшесінің арасында (М.Дулатов, Шығ.).

2. Құрметтеу, қадір тұту мағынасында жеке адамның атына тіркесе айтылатын сөз.

Жиырма бес, жас еді бұл болған арман,

Аңсаумен ата қазақ шашы ағарған,

Қуса да қобыз ойнап Қорқыт баба,

Адасып жиырма бестен қапы қалтан (Қ.Аманжолов, Шығ.).

«Адамта ең бірініші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілетін білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі», - деп айтқан әл-Фараби бабамыздың өсиетін ұмытпаған жөн («Егемен Қазақстан»). Қазақ халқы кейде туыс болмаса да ақыл-парасатымен сый-құрметке бөленіп, кейінгі ұрпаққа жақсы аты қалған қарияларды да баба деп атайды (ҚҰЭ).

3. с ө й л. Қарт, қария.

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан.

Тал да таппай қармауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан (М.Мақатаев, Шығ.)

Жетім қалған құлындай құлдыраған,

Көз ұшында бір қара бұлдыраған.

Тағат етіп тұруға дәрмен қайда,

Аттың басын сол жаққа бұрды баба ...

Есі кеткен алдында тұрды бала (М.Мақатаев, Шығ.).

4. м и ф. Халық ұғымында, адамның арғы тегін аруақ тұтып, содан көмек сұрап жалбарынғанда сүйенетін пірі.

Алты құлаш белбеумен

Алға келіп орады,

Алладан медет сұрады:

«Бабадан жәрдем болғай», - деп,

Таяна барып тұрады (Ер Тарғын).

Аруағына сыйынған Батагөй бабам Қабанбай,

Батаңды бер ұлыңа,

Аттандым жорық жолына,

Қалмайын құлаш жаза алмай (Н.Баймұратов, Ер Төлеген).