lat: BAIYRǴY
сын. Бұрынғы, ежелгі .
Соғылды дабыл! Сапта тұр бүкіл застава. Байырғы солдат, Биылғы келген жас бала (3,23).
Биік барып жаралған жер бетінен, Сол байырғы Жетім көл келбетімен. Айдынында аққулар ұйықтап жатыр, Сайдан соққан самалмен тербетілген (2,173).
Біздің семьяның байырғы досы Бағдат келе алмады (4,244).