lat: BAIYZ
зат. Сабыр, тағат, дегбір, байып .
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы еді-ау, байызын бар арман да!
Қанатынан аққудың балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап таң атарда (2,171).
Алайда кешкен ғұмыр, өткерген өміріне қарап, тындырған дүниесіне қарап, тым шарықтап кетпей, лирикалық кейіпкерінің өзіне де тізгінді біржола беріп қоймай, бақылап, байызбен жырлағаны жөн (4,297).