БАЙЫЗДА

lat: BAIYZDA

ет. 1 . Тұрақтау, орнығу .


Ауыздықтап тұра алсын арманды кім,

Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.

Байыздамай өмірден біз де өтерміз,

Болашаққа қалдырып қалған жүгін (2,81).


2. Тыным табу, тыншу, дегбірлену .


Кенет аждаһа аңғарып, көрнеу тұрған адамды, Батырайын дегендей байыздаған қараңды. Өңдеріне бейбақтың найзадайын қадалды (5,114).