lat: BALÝANDYQ
з а т. 1. Балуан болушылық.
Мен, Жарма, ғалым шыққан, батыр шыққан,
Боксерлік, балуандықпен атым шыққан (Айтыс).
Тиді ме Дариға қыз байға? - дейді,
Көрді ме балуандықтан пайда? - дейді (Бабалар сөзі).
2. Кцштілік, қайраттылық. Сейіт кешегі күн кешкі салқында далаға шығып, көңіл көтеріскен бір топ жас жігіттер арасында өзінің балуандығын да көрсеткен (М.Әуезов, Таңд.). Жомарт жасынан садақ тартып, құс салып, батыр, балуандығымен өз тұрғыластарынан ерек көзге түсіпті (Т.Ахтанов, Дала сыры).
// Балуанға тән. Бойына біткен балуандық қара күш қана емес, адамдық күш-қасиеті де өзі тұстас жастардан озық болатын (Д.Әбілев, Арман.).