БАЛҒЫН

lat: BALǴYN

з а т. б о т. Жыңқылдар тұқымдасына жататын бұта. Балғыннан қара бояу, илік заттар алынады жөне көгалдандыруға пайдаланылады (ҚҰЭ). Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен. Үйеңкі, ырғай, балғын, тораңғылар, Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен, Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар: Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік сықылды ағаштардың талайы бар (І.Жансүгіров, Шығ.).

Балауса жоқ, балғын жоқ тербетуге,

Тербеледі қияқтар желмен түнде.

Қызылкүрең қоржынын толтырып ап,

Хабаршы күз жортып жүр жер бетінде (М.Мақатаев, Шығ.).