БАЛҒЫН

lat: BALǴYN

сын. Толықсыған, уылжыған, жас .


Жаздым жауап, замандас, Тілеуі бір балғын жас.

Аманатың жүректе, Айрылғанша жоғалмас (1,55).


О, бақытсыз, мұңлы досым, саналы,

Балғын жүзің жүдеу тартып барады.

Үміт еткен тағдырыңды жаныштап,

Сұм өмірің алдамаса, жарады (1,80).


Сол жылдарға қарғыс айту жат маған,

Сондағы мен ерлігіме мақтанам.

Балғын ұрпақ, сенің болашағыңды,

Біле білсең, мына біздер сақтаған! (1,216).