БАЛ

lat: BAL

зат. 1 . Бал аралары гүл шырынынан жасаған тәтті, қоймалжың, шипалы тағам .


өлкенің ойынан, тау-тасынан,

біздер де арамыз ғой бал тасыған.

Шырын құйып жатамыз жүректерге,

Шымшып алып гүлдердің арқасынан (2,145).


Бала дәурен өтті ғой құйындаған,

Балы менен шекері бұйырмаған.

Өзін өзі он жастар қорғамаса,

Өзгелерді қорғауы қиын, балам! (3,281).


2 . ауыс. Тіл тәтті, қылығы сүйкімді .


Тамағың бұлбұл, тілің бал.

Суықта қалдым жейдешең,

Көзіме қара, мұңым бар.

Сезінер мұны кімің бар? (1,160).


Жаудырап, жаным, көзің сал,

Ақ таста тұрған елеске.

Жамалың жаһұт, сөзің бал ,

Нәресте кезің емес пе?! (2, 206).