БАЛАБАҚША

lat: BALABAQSHA

з а т.Мектепке дейінгі балалар тәрбиеленетін орын.

Бір көріп қайтқан Мысырды

Бабамның мүйіз шақшасы...

Әжейді былай ысырды

Өмірде балабақшасы (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Балабақшалар бюджеттік, гимназиялық, жекеменшіктік, коммерциялық т.б. негізде жұмыс істейді (ҚҰЭ). Ақпан айының аяғында Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Солтүстік Қазақстан облысына барған сапарында жергілікті бір қазақ балабақшасына кіріп тұрып телекамера алдында сөз сөйледі. Президент бұл қазақ балабақшасында жалғыз қазақ балалары ғана емес, орыстілді сөбилердің де қазақша тәрбие алып жатқанын жалпы ұлтқа үлгі етті («Егемен Қазақстан»).