lat: BALALYQ
зат.Кәмелетке толмаған балғын шақ.
Балалықтан озған соң
Жігіттік дәурен келеді,
Қызыл-жасыл киініп
Сұлу болып өсесің,
өрген адам сүйініп (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Балалық қалып,
Ес біліп анық,
Ержеткелі жиырма жыл.
Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
Бұ неткен жұрт ұйқышыл?!
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам, жым-жырт, жай (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Балалықты қалдырып, тас қып буып,
Өтті жылдар, кеттім мен жастық қуып.
Құлпырып құнан болған құлынымды,
Қайтейін, үлгермедім бастықтырып (М.Мақатаев, Шығ.).
Балалықты қойып, ат тауып мін... - деп, әлгі жігіт бірталай өнеге айтты (Ж.Аймауытов, Шығ.).