БАЛАЛЫҚ

lat: BALALYQ

сын. Балаға тән, балаға лайық; балаға арналған.

Балалық аңғалдығыңмен,

Даналығыңмен,

Кемшілігіңмен

Өлеңнің елшісі өзіңсің әлемде

Түссең де Чилидің Франциядағы елшілігінен

Қашанда тынымсыз, мазасыз дария көңіл

Сен де тұр қатарға,

Рафаэль Альберти, қариям менің,

Сан ұрпақ мақтанды батыр атам деп

Сен де оян қане, ақын Махамбет (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Алғашқы балалық қызығы басылғасын циркті де ұнатпады Добрушкин (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).