БАЛАЛЫҚ

lat: BALALYQ

зат. Кәмелетке толмаған балғын шақ, бала кез .

Жылдар ағып барады, жылдар ағып,

Аударылып теңіздің арнасында.

Жылап-сықтап әнеки тұр балалық ,

Біз теңізге секірген жар басында (1,153).


Балалықты қалдырып тас қып буып,

Өтті жылдар, кеттім мен жастық қуып.

Құлпырып құнан болған құлынымды,

Қайтейін, үлгермедім бастықтырып (2,122).