lat: BALANS
з а т. 1. Тепе- теңдік, теңдестіру. Қызулы екі түрлі дене қатар тұрса, олардың жылулық баланс жасайтынын білеміз. Олардың температурасы жоғарысы жылуы төменін жылытады (А.Қалығұлов, Жарық.). Ормандар - ауа райын, табиғи су балансын реттейтін ең маңызды фактор (М.Ахметов, Егін. қорға.).
2. э к о н. Теңгерім. Баланстар жүйесін мейлінше мұқият ғылымға негіздеп жасау керек («Соц. Қаз.»).
Негізгі қорлар балансы ұдайы өндірістің негізгі қорларының көлемі, құрылымы, олардың қозғалысы, арақатынасы мен өсу қарқыны жайында мәліметтер алу мақсатымен жүргізіледі (ҚҰЭ).