lat: BALKON
з а т. Үйлердің қабырғасынан сыртқа шығарылған, бетоннан немесе басқа қатты заттан жасалған, қоршаулы, шағын орынжай. Он сегізінші бөлме - бір жағы ашық балкон екен, мұнда нұсқаушы сөз сөйледі (С.Мұқанов, Таңд.). Неге өртенді?
Жүрегім неге өртенді?!
Нелер келіп, басыма нелер төнді...
Балконыңнан қол бұлғап қарсы алушы ең,
Неге менен жасырдың көлеңкеңді? (М.Мақатаев, Шығ.).
Балконды ашып тастады,
Көрінді шыңдар ең алыс.
Өлеңдер туа бастады,
Өлеңге жоқ демалыс (С.Мөуленов, Таңд.).