БАЛМҰЗДАҚ

lat: BALMUZDAQ

з а т. Қаймақ, сүт, қант, жидек шырынын қосып, сүттен тоңазытылған тәтті тағам. Дүкенге барасың ба? Онда балмұздақ сатады, - деді ол Тастанға (С.Сарғасқаев, Сынған тіс).

Бойжеткендер асыққан

Балмұздақты

Безіп бара жатып- ақ тауысады (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Бұрыштағы қызыл столға кеп отырып, кофе мен балмұздақ алдырды (Ә.Әлімжанов, Отырар.).