lat: BALQASH
з а т. 1. Өзен, көл сияқты т.б. сулардың жағалауындағы ылғалды, сазды, шөбі шүйгін жер.
Арғымақ аттай сөнденген,
Сөйлесе сөзі пімделген,
Тоты құстай таранып,
Бойыңды түзеп сәнденген.
Өтейін деп отырсың,
Балдырлы, балқаш көлдерден (Қашаған ақын, Өлеңд.).
Жердің қыртысы Есболат Қарасуының атырабына ұқсамайды. Оның күнгейі мен күншығыс жағында келе жатсақ біз ақ отты адырмен, тасты төбелермен жүрсек керек еді. Мынаның бөрі қайта- қайтабұлақ, өзен, өлке боп, шалғынды, тоңа- шалы, балқаш боп кетті (М.Әуезов, Абай жолы).
өк Есіл балқашында жаттым аунап,
Өлеңге бір өзіңнен шабыт сұрап (Сегіз сері).
2. Шүйгін шөп, жасыл жайылым.
Риза боп қатты Рүстем арқасына,
Қызымды берем ертең, ал қасыңа.
Асықпай әзіріне кідіре тұр,
Бір жердің шатыр құрып балқашына (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).
Қаптап елі қонбаса,
Жайылған малы болмаса,
Көк орай шыққан балқашы,
Жеусіз тұрып сорласа,
Ел қонбаған жер жетім (Ақберен).
Жатып қалған жас қозы
Жайылып қой болған тау.
Қалған бірі балқаш боп,
Бағлан қозы қой болар (С.Сейфуллин, Шығ.).