БАЛҚЫМАЛЫ

lat: BALQYMALY

с ы н. 1. Балқитын қасиеті бар. Балқымалы металл.

2. а у ы с. Әсерлі, толқымалы .
Өлең кейде сәбидей талпынады,

Кейде ананың жанындай балқымалы,

Кейде долы теңіздің толқынындай,

Мінезі бар «тентектің» шалқымалы!.. (Т.Жароков, Шығ.).

Өлең десе жаным бар балқымалы,

Бұлты айығып көңілім жарқырады (Д.Әбілев, Миллиард.).