БАЛЫҚШЫ 1

lat: BALYQSHY1

з а т. Балық аулаушы.

Жақсыны жатсына ма адал адам,

Аға - орман, іні - торғай паналаған.

Сауға сұрап қашанғы күнелтемін,

Балаша балықшыны жағалаған (М.Мақатаев, Шығ.).

Балықшының қайықтары да көп екен.

Сүйгеніңді іздесең, жел оңыңнан шықпай ма?! (М.Жұмабаев, Шығ.).

Диқандармен жаңбырды күттім бірге,

Шопандармен жайлауға шықтым бірде.

Балықшымен толқында арпалысып,

Жүздім қиян теңіздің түкпірінде (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).