БАПТАУ

lat: BAPTAÝ

Бапта етістігінің қимыл атауы. 1. Күту, күтім жасау. Жұрттай жанын баптау, төсек салып шешініп жату - Қара баланың әдетінде жоқ (Б.Майлин, Шығ.).

2. Күйіне, нәшіне келтіру. Сүгір домбырасын қайтадан баптауға кірісті (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).

3. Дайындау, ыңғайлау, реттеу. Шайқараның әйелі жұқалап жайтан нанды түсіріп, пиязды тұздықты бүркеп, бір жатын ол баптауда (І.Жансүгіров, Әңгім.).