БАПТАУЛЫ

lat: BAPTAÝLY

сын. Күтімі жақсы, әбден күтілген. Қазыққожаның отауында баптаулы сұлу қаршыта тұтырда отырғанын іңірде көріп шыққам (С.Мұқанов, Өмір мектебі).

Мәжілісі жақсылардың дүниемен тең,

Кімге ырыс болар дейсің алтан, берген.

Желді күн көл айналған лашын құстай,

Баптаулы мен жүйрікпін жиынға енген (Ақан сері, Шығ.).

Жері қандай баптаулы,

Біте қалды еккені,

Атып қолмен атпаны

Судан кенде етпеді (Ә.Тәжібаев, Шығ.).