lat: BAPTAÝSHY
з а т. Қараушы, күтуші.
Ата-ана күтер ізгілік,
Бала өсіріп баптаушы (С.Керімбеков, Еңбек-ата.).
Ақба бригадасы алташ көшіп келген жерінде болат жолдың баптаушысы болып істейтін (Ы.Тникин, Жомарт.).
// Күтуші, қараушы. Бұл жөнінде Кентау интернатын бағушы, баптаушы адамдар көп- көп зер сала жүру шарт (Алғы шепте.).