lat: BAQYLAÝ
Бақыла етістігінің қимыл атауы. 1. Бағдарлау, байқау. Экономиканы сауықтыру және макроэкономикалық жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.). Жерді космостан бағдарлау, бақылау ендігі спутниктің қызметі болады («Егемен Қазақстан»).
2. Қадағалау, қарау. Мен тәртіп жағын бақылауым керек, ол менің азаматтық міндетім (Б.Момышұлы, Таңд.).