БАҚЫЛАУШЫ

lat: BAQYLAÝSHY

з а т. 1. Бағушы, күзетуші, барлаушы. - Жолдас, аға лейтенант, танктер келе жатыр! - деді бақылаушы солдат (Ә.Нұршайықов, Батыр.). Жауға аттанғанда болмаса, Батырмұрат ауыл арасында Кене- сарыны күзетпейтін, мұндайда сүлтанды бақылаушы, күзетуші Қараүлек (І.Есенберлин, Қаһар). Көпір басында бақылаушылар өзара күбірлесіп қалды (Х.Есенжанов, Ақ  Жайық).

2. Байқап, бақылау жасап отыратын адам не нысан. Мұның себебін түсіндіру нәтижесінде үлкен теория - салыстырмалық теориясы келіп туды. Бұл теорияның принципі бойынша бір- біріне қарағанда бірдей жылдамдықпен қозғалушы екі бақылаушы үшін физиканың заңдары бірдей болады (О.Жөутіков, Жаратылыстану. матем. рөлі).

3. қоғ- саяси. Мемлекеттік деңгейде өтетін сайлаудың халықаралық талаптарга сәйкес өту- өтпеуін қадағалаушы басқа елден тагайындалған ресми тұлга. Құстардың ұшу жылдамдығын өлшейтін бірден-бір дұрыс тәсіл - ол бақылаушы самолетпен ұшып бара жатқан құспен қатарласып самолет ішіндегі аэроспидометрмен оның жылдамдығын анықтайды (Р.Әлімбаев,.. Құстар.).