lat: BAQYT [ar.] z a t.
з а т. 1. Бақ, зор қуаныш, шаттық.
Бақыт іздеп несіне шаршатамын!?
Қасымда жүр екен той аңсатаным.
О, менің ән- самалым, жан-сонарым!
Тамсанамын, Тіліңнен бал сорамын (М.Мақатаев, Шыт.).
Ах, солай ма?
Тыңдаута да жасқанам,
Ізде онда бақытыңды басқадан! (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Бір ұлт бақытты болса, ол бақыт сол ұлттың ішіндегі адамдарына да ортақ. Бір адамның бақыты бір ұлтты бақытты қылута жетпейді (Ж.Айма- уытов, Шыт.).
2. Адамның өмір қызығы мен қуанышына, рақатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыт - көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері:
1) бақ-дәулет, «қолта қонтан құс», ырыздық;
2) қуаныш, ләззат, рақат;
3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;
4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлтата айналу (ҚҰЭ).
Бақыттың теориялық мазмұнын анықтаумен ерте заманты грек философтары (Сократ, Платон, Эпикур) шұғылданды (ҚСЭ).