lat: BAQYT /162/
зат. Адамның арманы орындалып, қуанышқа бөленуі; бақ .
Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір – Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң (3,8).
Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің (3,8).