БАРУ

lat: BARÝ

Бар етістігінің қимыл атауы; алға жылжу, ілгерілеу, қозғалу.

Азаттыққа - қару жоқ,

Қарусыз жауға бару жоқ (Базар жырау, Шығ.).

Қызына қазынадан жауһар алды,

Баруға салтанатпен ойға қалды.

Ең жақсы желмаяны жинап алып,

Қасына бір жүз кісі жолдас алды (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Яки мақсат: өнер, білім алуға,

Алға қарай баруға,

Намыстанып, қорланып

Хұқықтан махрұм қалуға (С.Торайғыров, Алаш ұраны).