БАРАБАН

lat: BARABAN

з а т. 1. м у з. Шанағына сірі керіп қаптаған, іші қуыс, цилиндр пішінді соғып ойнайтын саз аспабы, дағыра. Барабан діни ғұрыптар, жаугершілік, би өнеріне байланысты шыққан. Ең үлкен барабан түріктердің тулумбасы. Қазақ ұлттық музыка аспаптарынан барабанға жақыны - дабыл (ҚҰЭ). Көше-көшеден дүңгірлеген барабан, дүрілдеген музыка дауысы қаланы басына көтерді (І.Жансүгіров, Шығ.).

Жеңіс күні,

Жеңіс күні,

- Барабанның келісті үні.

Қоңыр жайлы самал есті,

Мамырдың бар сал ыстығы (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

2. к ө н е. Шайқастар мен жекпе-жек алдында сарбаздардың рухын көтеру үшін соғылатын аспап.

Қарсыласып екі топ

Іріктеді батырды,

Қалмақ соғып барабан,

Қазақ ұран шақырды (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Солай деп барабанды қақтырды енді,

Қас қақпай тұрандар да тақ тұрды енді

. Аямай алтын, күміс ортаға үйіп,

Көңілін көптің түгел шат қылды енді (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).

Ол сондайын оймауыт,

Барабан соғып, шың қағып.

Алдымнан әскер жүргізіп,

Бұйым болды бұ да деп,

Аллалап батыр шабады (Батырлар жыры).