БАРАБАН

lat: BARABAN

зат. Шанағына жарғақ тері керіліп жасалған, іші қуыс, соғып ойнайтын саз аспабы .


Соқ, барабан !

Кернейлет, керней, кернейлет!

Терезе, есік, барлығына ен,

ешкімге ерік бермей кет,

Құдайларға құлшылықты,

бұз, жаңылдыр адамын,

Үз де жібер мектептердің өтіп жатқан сабағын,

Үйленетін күйеуге жет, жет, тездетіп хабарла (3,305).


Кернейлер де жар салып,

дабыл қағып барабан ,

Мұнаралар белгі беріп,

қоңыраулатып қаладан,

Біздерше де сендерше бар аймаққа тараған (5,101).