БАРДАМ

lat: BARDAM

с ы н. ж е р г. Күйлі, әл-ауқатты. Осы жатақтардың бір ат, бір бұзаулы сиыр, бес-алтылаған ешкісі болса - ол «бардам» үй саналады (І.Жансүгіров, Шығ.). Әсіресе Марданды бауырына тартқан Садық атты бір бардам ағайыны еді (І.Жансүгіров, Шығ.).