БАРХАН

lat: BARHAN1

з а т. с ө й л. Бархан. Біздің жақтың құмының бір қасиеті бірен-саран бархандар болмаса, жалаңаш құмды әсте көрмейсің (Ө.Қанахин, Жер басып.). Адамды таң қалдыратын ғажайып көріністері көп қой. Сылдыраған бұлақтар. Көгілдір суреттей көлдер. Жел өрнек салған бархан құмдар. Сексеуіл, жыңғыл тоғайлары. Сары балада жосыған киіктер. Ауылдың адамдары оларға тәп-тәуір гид бола алады («Жас Алаш"). Бұйрат бархандардың арасы-тепсең беткейлер (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). Оның көз алдына өркеш-өркеш құмды бархандар немесе бидай түбіріне дейін жұлынып, әлем-тапырақ боп бүлініп жатқан қара қайыс тақырлар елестейді (І.Есенберлин, Көлеңке.).