БАРКА

lat: BARKA

[итал. barса] з а т. 1. Үсті ашық, түбі жалпақ, жүк таситын үлкен сүйретпе қайық. Баркалар 20-ғасырдың ортасына дейін жүк тасымалдау ісінде қолданылған (Жаңа қолданыстар). Барка шегемен бекітілген ағаш материалдардан құрастырылады (ҚҰЭ).

2. Ұзындығы 10 метрге жуықтайтын желкенді-еспелі палубасыз балық аулау кемесі. Барка алғаш Италияда 17-ғасырда пайда болған (ҚҰЭ).