БАРКАС

lat: BARKAS

[голл. barсаs] з а т. 1. Көп ескекті, моторсыз үлкен қайық. Үшкір тұмсықты тіркегіш баркас өзен ағысын қия, балық пунктіне қарай бағыт алды (Жаңа қолданыстар). Баркастың борты аласа болып келеді, ұзындығы 60-80 м-ге жетеді (ҚҰЭ).

2. Балық аулауға, жүк тасымалдауға арналған, өздігінен жүретін қайық.Баркастың ұзындығы 8-12 м, ені 2-3 м, бортының биіктігі - 1-1,3 метр болады (ҚҰЭ).

3. Ағаштан немесе металдан жасалатын, өздігінен жүрмейтін баржа типтес өзен кемесі. Үлкен баркастың борты аласа, ұзындығы 60-80 м болады (ҚҰЭ).