БАРЛЫҚ

lat: BARLYQ

е с і м. Бүкіл, түгел, барша, күллі.

Кедейдің де күткені сондай кезек,

Ұзамай болатынын ішім сезет.

Барлық адам теңеліп, бірдей болмай,

Дүниені басқамен болмас түзеп (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, биебауы, ауыл қонысы, қой өрісі - барлығы да соншалық таныс (М.Әуезов, Абай жолы).

Өлмеген құлға атты таң,

Бағынып отыр барлық жан.

Тұтқында жүрген босанып,

Жылағандарға жанды шам (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).

Ұлттық идея қазақтың ғана емес, елімізді мекендеген барлық этностың көкейкесті мүдделеріне қайшы келмейді («Егемен Қазақстан").