lat: BARLYQ
зат. 1 . Бар екендік, бар болушылық .
Кеудемдегі шыбынымның барлығына сенемін. Сенемін де, жан далбасамен алға жылжи беремін (1,312).
Әркім өзінің өресі жеткенше қаншама таланты барлығын танытып-ақ бағады (4,281).
2 . ауыс. Баршылық, молдық, молшылық .
Сеніңше, рахат, бақыт, барлық , байлық, ішер ас, киер киім, жайлы қоныс жақсы орын екен ғой?! (4,230).