БАРМАҚ

lat: BARMAQ

з а т. 1. Бас бармақ.

Сирек шыққан бұл ерлер

Кең жиһанның жүзінде

Бармақтан жаны артпаған (Ғұмар Қарашев, Шығ.).

Бармағыма күбіртке шыққанда мен де сырмада жүргенмін, - деп Рақат қарсы шықты (С.Жүнісов, Өшп. Із). Ерні жұқалай бір сұқым жігіт жамбасты тұтамдап, майын бармағымен бүркітше басып ұстап алыпты (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бармақпен домбыраның бетін қарпып,

Тигізбей шанағына ептеп, қалқып.

Секілді өлшеп қойған таразыға,

Жеткізбей алып жатыр қолды тартып (Д.Еркінбеков, Шығ.).

2. Саусақ, қол мағынасында. - Е, Нұрғазы баласы Дәулетхан, келдің бе? - деді бурыл мұртын бармағымен бір сипап, - келгенің оң болды (Ж.Жұмаханов, Мен жұмысшы.). Теке сақал әңгімесін бөліп, майлы бармақтарын жалап, аюдың сабалақ терісі жабылған жалаңаш бүйіріне қолдарын сүртті (Ж.Аймауытов, Шығ.). Шырақ жалынына бармақтарын күйелеп, өтінішке баса бастаған жылқышылардың өңінде қатулық бар (А.Сатаев, Дала).