БАРМАҚ

lat: BARMAQ

з а т. ә д е б. Әр жолындағы буын сандарының біркелкі келу заңдылығына негізделген түркі тілдес халықтар поэзиясындағы буын өлшемі. Кейде буын уәзіні деп те аталады. ХІ ғ. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ит- түрк» кітабындағы өлеңдер де бармақ өлшемімен жазылған (ҚҰЭ). Бармақ өлшемінің үлгілері әсіресе өзбек, қазақ, ұйғыр, татар т.б. ауыз әдебиетінде көп кездеседі (ҚҰЭ).