БАРОН

lat: BARON

[франц. baron] з а т. т а р. Батыс Еуропадағы графтан бір саты төменгі дворяндық лауазым. Оралдан подполковник барон Штемпельдің отряды Аңқаты мен Шідертіні кесіп өтіп, Қалдығайты өзеніне қарай бет алды (Х.Есенжанов, Тар кезең). Барон - феодализм дәуірінде Батыс Европада корольға немесе аса ірі ақсүйекке тікелей бағынатын адам, корольдық советтің мүшесі (ҚСЭ).