lat: BARQYT
з а т. 1. Оң жағы тығыз түкті келген, жұмсақ, мақпал мата. Театрымызға керекті киім тіктіретін мата, бұл керек: мақпал, берен,барқыт, зар, атлас, жібек, тағы тағылары (Ғ.Сланов, Домбыра).
Жарқылдаған асыл атылас не барқыт, бары жайнап, құлпырысып отырады. Бай герцогтың дастарқаны басында, жалғыз ғана сауыт киген мен болдым (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қақталған, жабылған күмістерді жалтырату үшін оны киізбен, барқытпен ыспалайды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).
2. Барқыт матадан тігілген зат (киім, көрпеше, төсеніш т.б.). Айша домбыраның жөнін тапты! - деп, қошаметшілер пұшпақ бөрікті, барқыт жаталы, ашаңдау қара торы жігітті айналдыра бастады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Мұнда барқыт ат көрпе, күміс жүген, қара ала күміс жаптырған құйысқан, тартпа дегендер жоқ (М.Әуезов, Абай жолы). Күміс тұрманды барқыт ат көрпелі байдың мырзасының оқтаудай құла дөнені Омарұлының астында (І.Жансүгіров, Әңгім.).
// б е й н. Қалың, қою, түкті. Бұлтсыз аспан күн кеткен соң тұңтиық терең барқытқа айналып баранданып барады (І.Жансүгіров, Шыт.). Сыр бойының барқыт қарабараты да, дені саудыраған майсөкті жантағы да жаңбыр суымен жасаң тартып, мал тісіне жұмсақ тиіп кетті (Ә.Жомішев, Дала).
// б е й н. Жайқалған, әдемі.
Алматының көктемі бар керемет, дембіл-дембіл күн жауады себелеп.
Бар аймағы барқыт гүлге оранып,
Бұлбұл сайрап, ұшып-қонған көбелек (А.Асылбеков, Көкорай.).