БАРҚЫТГҮЛ

lat: BARQYTGÚL

з а т. ө с. с ө й л. Барқытшөп. Барқытгүл табиғи жағдайда тек Мексикада өсіріледі. Оның 35 түрі бар (ҚҰЭ). Барқытгүлдің биіктігі 10-150 см-дей, сабағы тік, оған қауырсынды, тілімденген жапырақтары қарамаарсы орналасады (ҚҰЭ). Барқытгүл шілдеден қазан айына дейін гүлдеп тұрады (ҚҰЭ).