lat: BARQYTTAI
с ы н. 1. Барқыт сияқты, барқыт тәрізді. Көктігі шымқай көк барқыттай (С.Мұқанов).
Өткізген балаусадай бөбек күнім,
Барқыттай белес-белес белім жатыр.
Айбынды арыстандай құмды кезген,
Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр (М.Жұмабаев, Шығ.).
Көзімді жұма қалсам, қара барқыттай үлкен ойлы көзді, аққұба пішіні дәл жас кезіндегідей көз алдыма тұра қалады (І.Есенберлин, Алтын құс).
2. а у ы с. Үлбіреген, әдемі (бет, жүз). Тоқбаланың әншейінде барқыттай жұмсақ ақ жүзі қан-сөлсіз сұп-сұр (Ө.Ахметов, Алда күн.).
3. а у ы с. Жұп-жұмсақ, жайлы дауыс, үн.
Жақұттай жарқылдаған асыл сөздері аңқылдаған әдемі әуен,
Барқыттай биязы, мақпалдай жұмсақ сырлы сазға бөленген (М.Хасенов, Алғашқы ән).
4. а у ы с. Қою, қалың. Пішіні кәдуілгі тышқанға ұқсайды, бірақ басы үлкен, тұмсығы үшкірлеу: жүні барқыттай қоңырқай, сұр, арқасында және сауырында ақ дақтары болады (Батыс Қазақстан энц.).