БАРШЫН

lat: BARSHYN

з а т. с а я т. Он бір жастағы бүркіт. Бүркітті он бірінде баршын деп атайды екен (С.Қасиманов, Сиқырлы.).

Аспанда ұшып айналған,

Түлкі көрсе сайланған,

Түлкісін иесі байланған,

Қара ала баршын бүркітім,

Апандап ұшып келдің бе? (С.Сейфуллин, Шығ.).