lat: BAS /682/
<i>зат. 1 . Адамның, жан-жануарлардың ауыз, көз, құлақ т.б. орналасқан дене мүшесі .i>
<i>
i> Мына бір келген мамыр ма?
Мамырла, бұлттар, мамырла,
Қалпағыңды алып, бауырлар,
Басыңды төсе жауынға (3,175).
Бастарынан ноқтасын сыпырып ап, Байғұстарға Бостандық берейін бе? (2,188).
<i> 2 . ауыс. Адамның өзі, жеке басы. i>
– Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
– Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
– Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
– Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін (1,302).
Әй, Бекенім, Бекенім, Аяп сені кетемін. Алпамсадай болсаң да, Басыңда жоқ мекенің (2,309).
<i>ауыс. синекд. Адам, кісі .i>Жадырап тұрды,
жарқырап тұрды жаңа үйлер, Қауышып жатқан, т
абысып жатқан бастар бар.,Алысып жатты,
ағысып жатты сәбилер, Үйленіп жатты,
үй салып жатты жас жандар (1,134).
Биылғы каникулда әкесі мамама: «Біз жеті атамыздан бері қарай басқа кедей адамдармыз», - дегенін де естіп едім (4,224).
<i> 3 . ауыс. Ақыл, ой, сана; ми .i>
Салмағымды көтерген, жасымаған, Бар мүшем де, болса екен басым аман. Шаруадай кетпенін арқалап ап, Бас екен ғой бәрін де асыраған (1,161).
<i> 4 . Таудың, шыңның т.б. ең биік жері; төбесі . i>
Күн батты. Таудың басы қанталады. Қанталап көпке дейін тарқамады. Қалдырып құнанымның қаңқаларын, Жаяулап ер-тоқымды арқаладым (1,263).
Әкел, досым, Сен маған қолыңды бер!
Әкетейін, мен өткен жолымды көр.
Сонау шыңның басына шығарамын,
Менмін ғой бұл аймақтың жолын білер (1,270).
<i> 5 . Өсіп тұрған өсімдіктердің жоғарғы жағы, ұшы .i>
<i>
i>Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек тоғайға еркемменен.
Тал басына шық тұрып,
күннің нұры Мың бояумен тоғайды көркемдеген (3, 156).
Қимылдаса ши басы , секем алып, Құйын болып далада кетеді ағып.
Үйірінен үзіліп жеке қалып, Жарысатын желменен жеке барып (3,154).
<i> 6 . Бір нәрсенің қасы, жаны, маңыi> .
Қос басында қауымның бәрісі де,
Қосылатын жасы да, кәрісі де,
Сіңір тірсек біздер де шырқаушы едік,
Түсінбестен сол әннің мәнісіне (1,223).
Үстел басы . Бір жоқшылық. Бір адам. Бірін-бірі қалт жібермей аңдиды. Бір көрген, бірге төзіп шыдаған, Бірге отырып, маңдай тіреп қалғиды. Адам – Адам. Ұлы адам! Ал жоқшылық – атышулы қанқұйлы (2, 42).
i
Жұлдызы оңнан туа қалған кімде-кім,
паш етеді даңқын, шенін, білгенін.
Тағдыр мені қарапайым жаратты,
Бақыт басы махаббат де білгемін (4,19).