lat: BASTYQ /24/
зат. Белгілі бір мекемені басқаратын адам, лауазымды тұлға .
Барып қайттым ауылдың бастығына ,
(Білмеймін, достығы ма, қастығы ма?!)
«Көзің көріп тұр, бала, көлік жоқ қой»,
– деген сөзбен үйге ендім бастырыла (1,268).
Күйіп-пысып шопыр жүр шыр айналып,
Жол шетінде бастығы тұр ойланып.
Тағат қылмай аулыма жаяу тарттым,
Машина да, бастық та былай қалып (2,121).