lat: BASYM
сын. 1 . Артық, көп, мол .
О, Волга! Өзіңнен кім басым ?!
Буырқан, толқының туласын!
Тереңде шортандар теңселіп,
Жағаңда шағала шуласын!
Толқының тағылық кемесін Тас-талқан етпей бір тынбасын! (1,117).
Суретке Зияш қайта үңілді. Сары бояу басым екен (4,144).
2. Үстем, күшті, мықты .
Дейсіңдер-ау: «Қасымның несі басым?!»
Қасым солай болмаса, несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым (1,181).
Поэзияның тереңіне үңілуден гөрі үлгі қуалаушылық басым (4,276).