пияз тұқымдас өсімдік. Тамаққа, негізінсн, сабақтарын пайдаланады. Олар түрі мен дәмдік қасиеттері жағынан басты пияздың сабағына ұқсайды, бірақ олардан ірілеу. Батун пияздың сабақтарында С витамині мол болады. Аязға берік, күй таңдамайды. Көк сабақтарын жаздың кез келген уақытында кесіп алады.