lat: BATYR
ет. 1 . Судың (өзен, көл т.б.) түбіне түсіру, бойлату .
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр , отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар (2,136).
Екеуін де сол зұлым келісуге шақырар;
Шақырар да, жол бойы тұңғиыққа батырар ,
Фокарада екеудің енді қандай қақы бар? (5,134).
2 . Ыдыстағы сұйық затқа бір нәрсені малу, салу .
Жо, жоқ! Менің өкпем жоқ тағдырыма, Өміріме, өзіме – барлығына.
Нан батырып жесем де ризамын, Көз жасымның бір тамшы қалдығына (2,366).
Қалқыған етті қазанға қайта-қайта батырып ,
Ашушаң аспаз тұратын айыршаны матырып,
Қадағалап қарайтын дәл осылай отырып (5,98).
3 . Күнді ұясына қонғанша отыру (бір іспен айналысу) .
Қонақпен күнді батырып , Қонақ боп атып таң нұры. Тұратын еді шақырып Әжемнің аппақ жаулығы (1,156).
Момын едің момыннан жаратылған,
Жайсаң еді құрбыңнан дара тұрған.
Жарамайды ұйқымен күн батырып ,
Жарамайды ұйқымен таң атырған (1,177).
Шаруаның жайын әңгімелеп отырып-ақ күнді батырып алыппыз (4,130).
4 . Үшкір затты сұғындырып, денеге дақ түсіру .
Әрі қарай басқа өмір, басқа тірлік,
(Қайтейін оның үшін бас қатырып).
Осы менің Отаным, бақытым да,
Табаныма жүрсем де тас батырып .
Керек емес басқа өмір, басқа тірлік! (3,20).