БЕДЕР

lat: BEDER

зат. 1. Машина баллонындағы, аяқкиім табанындағы тайып кетпес үшін жасалған кедір-бұдыр .


Мысы құрыған шопыр амалсыздан кері қайтпақшы болып машинаны шегіндіріп еді, бір де бедері қалмаған жалаңаш баллон сырғанап барды да, жол шетіндегі омбыға түсіп, шоңқиып отырды да қалды (4,117).


2 . ауыс. Бір нәрсеге тән белгі, кейіп-кескін, келбет .


Жойылып жастық бедерің

Жоқ болып ұшып кетеді-ау!

Не кәрілік, не өлім,

Мендіксің деп жетеді-ау! (1,52).