БЕЛДЕУ

lat: BELDEÝ

зат. 1. Аспанның бел тұсы, жамбастан жоғарырақ жер . Мамық түн майсаға кеп дамылдаған, Құсжолы көк белдеуін сағымдаған. Әйелдің үздік-создық әуеніне, Жігіт даусы қосылды мамырлаған (2,289). Ай түн белдеуінен ауып, жамбасқа барып қалыпты, түн жарық, аппақ (4,150). 2. геогр. сөйл. Ендік сызығы . Қырларым да күтуде, дөңдерім де, Сағынады бізбенен көл де бірге. Үкім менің, қарашы, жыл құстары Келеді екен қайсы ендік белдеуінде (3,199). 3. ауыс. Қат, қабат, деңгей д.м . Зорлық мынау бірінші қат зынданына көмілген, Көмілген де, үш белдеудің үлесіне бөлінген, Сондықтан да өздерінше үш одақ боп көрінген (5,52). Әрі қарай екеуміз аяқ баспастан бұрын, Осы екінші белдеудің біліп алғын тағдырын, Деді маған данышпаным, уағыздап алғырым (5,60).